Адам миы естігенінен гөрі көзбен көргеніне тез сенеді. Мидың бұл қасиеті кей жағдайда өмірді жеңілдетсе, кейде оны күрделендіріп жібереді. Өйткені көрген бейне бір сәтте-ақ санада орнығып, ұзақ уақыт өзгермей қалады.
Мысалы, суретші Эдгар Деганың картинасына кейіпкер болған актриса Элен Андре көпшіліктің жадында сол образбен қалып қойған. 1876 жылы салынған «Абсент» картинасында ол шаршап шарап ішіп отырған, өмірден түңілген әйел ретінде бейнеленеді. Бұл жай көркем образ болатын. Алайда көрермендер оны рөл ретінде емес, актрисаның шынайы болмысы ретінде қабылдаған. Актриса бір ғана картинаның әсерінен өмір бойы шарап ішпейтіндігіне адамдарды сендіре алмағанын айтады.