• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Қаңтар, 2026

«Қайрат» Чемпиондар лигасы алдындағы еуропалық клубтармен өтетін матчтарын жариялады

11 рет
көрсетілді

Алматының «Қайрат» футбол клубы үш апталық демалыстан кейін өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиынының орнын және жоспарланған жолдастық кездесулерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Клубтың баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлағандай, 4 қаңтар күні таңертең «Қайрат» Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, 15 қаңтарға дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

«Жиынның басты мақсаты футболшыларды оңтайлы физикалық қалыпқа келтіру және ресми матчтарға сапалы дайындық жүргізу», делінген клуб мәлімдемесінде.

Сондай-ақ алматылық клуб екі жолдастық кездесу өткізетінін мәлімдеді. Атап айтқанда,

9 қаңтарда Әзербайжанның «Нефтчи» клубына қарсы,

14 қаңтарда Хорватияның «Вараждин» командасымен ойнайды.

Айта кетейік, жұма күні команда клуб базасында жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда «Қайрат» Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде 36-орында тұр. Алматылық клубтың еншісінде бір ғана ұпай бар, ол Кипрдің Пафос командасымен өткен матчтағы тең ойын (0:0).

Ал қалған бес кездесуде қазақстандық клуб жеңіліс тапты. 

Алда «Қайратты» 20 қаңтарда Бельгияның «Брюгге», сондай-ақ 28-нен 29 қаңтарға қараған түні Лондонның «Арсенал» клубтарына қарсы матчтар күтіп тұр.

 

Соңғы жаңалықтар