• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Банк 30 Желтоқсан, 2025

Қазақстан банктері жаңа жыл мерекесінде қалай жұмыс істейді?

0 рет
көрсетілді

Жаңа жыл мерекесіне байланысты еліміздегі банктер бөлімшелерінің жұмыс кестесін уақытша өзгертеді. Көптеген банк 1-4 қаңтар аралығында жабық болады, ал сауда орталықтарында орналасқан кейбір бөлімшелер жұмысын жалғастырады, деп жазады Egemen.kz.

Bank RBK

31 желтоқсанда бөлімшелерде операциялар сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі. Алматыдағы Mega Alma-Ata мен MOSKVA Metropolitan сауда орталықтарында және Астанадағы «Астаналық базар» нүктесінде кассалық операциялар жасалмайды, тек кеңес беру қызметі көрсетіледі.

1-4 қаңтар аралығында барлық бөлімшелер жабық. Сауда орталықтарындағы кейбір нүктелер ғана СОС кестесімен жұмыс істейді.

Freedom Bank

31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін барлық бөлімшелер жұмыс істемейді. 4 қаңтардан бастап қалыпты режимге көшеді.

Еуразиялық банк

31 желтоқсанда бөлімшелер қысқартылған кестемен жұмыс істейді.

1-2 қаңтарда көпшілік бөлімше жабық, СОС-дағы нүктелер ғана ашық.

3-4 және 7 қаңтарда кейбір бөлімшелер шектеулі режимде қызмет көрсетеді.

Отбасы банк

1-4 қаңтарда банк толықтай жабық.

31 желтоқсанда қызметтер қысқартылған режимде көрсетіледі.

5 қаңтардан бастап жұмыс қайта жанданады, алайда мемлекеттік сыйлықақыға қатысты кейбір операциялар уақытша шектеледі.

Alatau City Bank

1-4 және 7 қаңтар көп бөлімше үшін демалыс.

Аптасына 7 күн жұмыс істейтін бөлімшелер 1-2 қаңтарда жабық, 7 қаңтарда қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Bereke Bank

31 желтоқсанда бөлімшелер 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

1-3 және 7 қаңтарда Silk Way (Астана) бөлімшесі тек кеңес беру форматында ашық болады.

Kaspi Bank

31 желтоқсанда бөлімшелер 15:00-ге дейін ашық.

1-2 қаңтар — демалыс.

3 қаңтардан бастап қалыпты режим.

Kaspi қосымшасы мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді.

Forte Bank

1-4 және 7 қаңтарда көпшілік бөлімше жабық.

СОС-дағы бөлімшелер сауда орталықтарының кестесімен жұмыс істейді.

Банк ЦентрКредит

31 желтоқсанда – қалыпты режим.

1-4 қаңтар – демалыс күндері.

ВТБ

31 желтоқсанда бөлімшелер 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

1-4 және 7 қаңтар – демалыс.

5-6 қаңтар – қалыпты режим.

Мереке күндері кейбір төлемдер мен валюталық операциялар уақытша тоқтатылады.

Қазпошта

1, 2 және 7 қаңтар – демалыс.

ХҚО-лар мен басқа ұйымдардағы бөлімшелер сол мекемелердің кестесіне сай жұмыс істейді.

Банктердің нақты жұмыс уақыты мен бөлімше мекенжайларын алдын ала ресми сайттарынан тексеру ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар