Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше тасжолда қозғалыс шектелді. Осыған орай «Жолаушылар тасымалы» компаниясы азаматтардың діттеген жеріне аман-есен жетуі үшін 13 қала маңындағы пойызды ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Қарағанды тасжолы шұғыл жабылды
Қазіргі таңда келесі бағыттар бойынша қосымша пойыздар қатынайды: Астана – Павлодар: №7502, №6832; Павлодар – Астана: №7501, №7509; Астана – Жалтыр/Атбасар: №6804, №6831; Астана – Көкшетау: №7515, №6830, №7508, №7516; Астана – Қарағанды: №6858, №6856; Қарағанды – Астана: №7553. Қарағанды облысында жүздеген көлік жолда қалып қойған. Полиция Қарағандыдан Теміртауға қарай 500-ге жуық автокөлікті, ал кері бағытта 300-400 көліктен тұратын колоннаны бастап келеді.