• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Желтоқсан, 2025

Қазақстанның бірқатар қаласында ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді

10 рет
көрсетілді

2026 жылдың алғашқы күндерінде Қазақстанның бірнеше қаласында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Telegram-арнасында хабарланды.

Мәліметке сәйкес, 3 қаңтардан бастап Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Өскемен, Орал, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ Ұлытау облысында кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары жаңартылады.

Ал Астана қаласында өзгерістер 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін еске салды. Кезекші ХҚО-лар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштер 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күндері өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар