26 желтоқсан сағат 18:00–дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай облысы:
— «Өскемен - Семей» автожолының 103-198 шақырымы аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы:
— «Өскемен - Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
— «Өскемен - Риддер - РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
— «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое ауылының бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін);
— «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахман қайнары» автожолының 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін);
— «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатонқарағай - Рахман қайнары» автожолының 166-250 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алтай қаласынан Үлкен Нарын ауылына дейін).