• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 22 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

30 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёнді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жеделхатта Корея Республикасы Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы зор әлеуетке ие ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізген.

Сонымен қатар Корея Президентімен бірге күш-жігер жұмылдыра отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мённің аса жауапты қызметіне толағай табыс, Корея халқына құт-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар