• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Желтоқсан, 2025

Алматыда автобус аялдамадағы троллейбусқа соғылды: бір жолаушы зардап шекті

20 рет
көрсетілді

Алматыда 65-маршруттағы автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті. Полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы 11 желтоқсан күні сағат 11:50-де Медеу ауданында болған. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 65-маршруттағы автобус Достық даңғылы бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Бөгенбай батыр көшесіндегі аялдамада тұрған троллейбусқа соғылған.

Оқиға салдарынан 1966 жылы туған әйел жарақат алған.

Полиция қазір жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар