• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2025

Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды

30 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Ұлытау облысында өрт кезінде үш баланы құтқарған патрульдік қызмет взводының инспекторы Әсет Әбдуақитов және Ұлытау облысы ПД-ның Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің патрульдік қызмет взводының инспекторы Нұрболат Нұрғабыл «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысының ТЖД бастығы Есен Байыров салтанатты түрде полицейлерге наградаларды табыстап, олардың көрсеткен ерлігі мен батылдығына алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 29 қазанында Сәтбаев қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан еді. Көшелерді патрульдеу кезінде полицейлер терезеден шыққан жалынды байқап, оқиға орнына жедел жеткен. 

Полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті кәсібилік, батылдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі ретінде бағаланды.

Соңғы жаңалықтар