• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Желтоқсан, 2025

ОПЕК қоры Орталық Азияға 20 жылда 1,4 млрд доллардан астам инвестиция құйды

40 рет
көрсетілді

Қазақстан мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы ынтымақтастық Орталық Азия елдеріндегі экономикалық жобаларды қаржыландыруда маңызды рөл атқарады. Соңғы 20 жылда қор өңірге 1,4 млрд доллардан астам инвестиция құйып, инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамытуға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы Негіздемелік келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын таныстырды.

ОПЕК қорының миссиясы – дамушы мемлекеттерге қаржылық қолдау көрсету.

Министрліктің мәліметінше, қордың 49 жылдық тарихында әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жоба іске асырылып, жалпы сомасы 30 млрд доллардан астам қаражат бөлінген.

Сонымен қатар Орталық Азияға 20 жыл ішінде 1,4 млрд доллардан астам қаржы салған.

Соңғы жаңалықтар