Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде сақтау туралы шешімін жариялады. Осы қадамнан кейін АҚШ ақшасы 4,25 теңгеге арзандады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 512,53 теңге болды.
kurs.kz сайтының дерегінше, Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың қазіргі орташа бағамы мынадай:
Астана қаласында:Орташа есеппен алғанда бір долларды сатып алу құны – 510,38 теңге.Ал сату құны – 517,38 теңге.
Алматы қаласында: Сатып алу құны – 511,35 теңге.Сату құны – 514,36 теңге.
Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені қандай негізге сүйеніп өзгеріссіз қалдырғанын жазған болатынбыз.