• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 28 Қараша, 2025

Зейнеткердің 13 млн теңгесін алып кеткен ерлі-зайыпты алаяқтар ұсталды

40 рет
көрсетілді

Петропавлда ерлі-зайыпты  79 жастағы қала тұрғынының 13 миллион теңгесін қолды етті. Олар зейнеткерге қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі екенін, істі жабу үшін қомақты қаржы қажет екенін айтқан. Айтылған мәліметтің рас-өтірігін тексермеген петропавлдық қаржыны курьер-дропперлердің қолына ұстатқан, деп жазады Egemen.kz.

Біршама уақыттан кейін алданғанын түсінген қарт құзырлы органдарға арыз түсірген. Жедел іске кіріскен полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ерлі-зайыптылардың жеке басын анықтады.

Осылайша күдіктілер 25 қарашада оқиға болған уақыттан үш күн өткен соң ұсталды. Тергеу барысында олардың Петропавл қаласында тұратыны белгілі болды. Курьер-дропперлерді Көкшетаудағы нұсқаушылар жұмсап, алынған қаржыны өз есеп шоттарына аудартқан.

ІІМ мамандары ерлі-зайыптылардың осы сипаттағы тағы бір іске қатысы барын, ол оқиға бойынша жәбірленушілердің 1,5 млн теңге сомасындағы қаржысына залал келтіргенін анықтады. 

Қазір алаяқтыққа байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған. 

Соңғы жаңалықтар