Полицейлермен қатар оқыту курстарына прокуратура, сот, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы өкілдері және халықаралық деңгейдегі IT-мамандары қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Соңғы кездері қылмыскерлер заңсыз табыстарын жасыру үшін криптовалюта платформаларын пайдаланып цифрлық активтерге айналдыруға көше бастаған.
Осыған байланысты, Ішкі істер министрінің тапсырмасымен «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында қазан-қараша айларында Тараз, Семей, Орал, Қарағанды қалаларында оқыту семинарлары өткізіліп, еліміздің барлық аймағынан 1 500-ден астам тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер қатысқан.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, семинарлардың қорытындылары бойынша киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Жалпы, соңғы екі жылда интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тәсіліне үйрету семинарлары еліміздің басқа қалаларында да өткізіліп, 3 мыңнан астам жедел-тергеу қызметкері қамтылған.