• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 25 Қараша, 2025

Алматы облысында әкесі қызын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

60 рет
көрсетілді

Алматы облысында 15 жастағы қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында ер адам өзінің 15 жастағы қызын пышақтап өлтіргені туралы ақпарат тарады.

Алматы облысының полиция департаменті кісі өлтірді деген күдікпен Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұсталғанын растады.

— Отбасы туыстарының бірі полицияға 15 жастағы студенттің мәйіті табылғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына келген полицейлер алкогольдік масаң күйде болған күдіктіні ұстады. Сондай-ақ үйден қылмыс құралы тәркіленді, — деп хабарлады департаменттен.

Қазір тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіп жатыр. Іс Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар