6505 әскери бөлімінде 2–2024 мерзімді қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өттідеп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға бөлім басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары және шақырылған қонақтар қатысты.
Грантқа қол жеткізген 41 сарбаз «Солдат 2.0» бағдарламасы аясында еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алады. Бұл көрсеткіш өзге әскери бөлімдер арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі болды.
6505 әскери бөлімінің басшылығы сарбаздарды өмірлеріндегі маңызды кезеңнің аяқталуымен құттықтап, азаматтық өмірге сәтті бейімделу, әрі қарай білімдерін жалғастыру және таңдаған жолдарында жаңа жетістіктерге жету үшін ақ тілектерін жеткізді.