• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2025

Қызылордада браконьерлікке қатысты 105 құқық бұзушылықты анықтады

20 рет
көрсетілді

Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтапты. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 қару айғақ зат ретінде алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазір қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Қазан айының 20-сы мен қараша айының 19-ы күндері аралығында облыс көлемінде өтіп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталған құқық бұзушылықтардың дені аң-құс ату мен балық аулауға қатысты болып отыр.

Полиция департаменті тұрғындарды аңшылық және қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар