• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 18 Қараша, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис Қазақстан-Эстония бизнес форумында сөз сөйледі

150 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін растады.

Жиында Эстония Президенті Алар Карис те сөз сөйледі.

Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар