• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Форум 18 Қараша, 2025

Ауыл мектебіндегі халықаралық форум

20 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мен биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауының нәтижесінде өңір-өңірде ауқымды бастамалар қолға алынды. Осы орайда Алматы облысында білім беру жүйесін инновациялық және технологиялық бағытта дамыту мақсатында «Ғылым. Инновация. Болашақ. STEAM AI» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік халықалық форум өтті. Іс-шара Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы №27 «Келешек мектебінде» ұйымдастырылып, еліміздің және шетелдің жетекші педагогтері мен ғалымдарын, инновациялық білім беру саласының мамандарын біріктірді.

Форумның ашылуында Ал­маты облысы білім басқар­масы­ның басшысы Арай­лым Төлеубекова сала­дағы ин­новациялық тәсілдердің маңыздылығын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатқанын атап өтті. Бүгінде әлемде жасанды интеллект саласында жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан мұндай құзыреттілікті ерте жастан қалыптас­тыру аса маңызды. Бұл форум ұстаздар­дың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, білім сапасын арттыруға, жас ұрпақтың шығармашылық әрі сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған»,  деді білім басқармасының басшысы.

Іс-шара барысында қатысушылар заманауи технологиялар, роботтехника, экологиялық жобалар мен дрондар жарысы сияқты бағыттарда тәжірибелік алаңдар мен шеберлік сабақтарында өз жобаларын таныстырды.

Тәжірибелік бағыттар қатарында «Археология: Тамыры тереңнің – бұтағы биік», «Мамандықтар алаңы: Болашаққа дұрыс таңдау», «Eco ART шеберханасы», «SmartTech: Роботтехника және Arduino», «Dragon Air Race: Дрондар жарысы» сынды  бағыттарды қамтыды.  Қа­тысушылар халықаралық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын,  шараның тәжірибелік маңызын ерекше атап өтті. Педагогтер Үміт Мұқан, Айнұр Жабаева, мектеп директоры Да­нияр Тайжанұлының айтуынша, форум тәжірибе алмасуға арналған бірегей ­алаң болып, оқушылардың функционал­дық сауаттылығын дамытуға, білім ­сапа­сын арттыруға зор үлес қосты.

Форум қорытындысында қатысушы­лар STEAM және жасанды интеллект бағытында білім берудің әдістемелік негіздерін жетілдіру мақсатында  ұсыныс­тарын да айтты.

 

Алматы облысы,

Талғар ауданы

Соңғы жаңалықтар