• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қараша, 2025

Салдары ауыр болады: Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға ескерту жасады

40 рет
көрсетілді

 Оқу-ағарту министрлігі балалар мен жасөспірімдерді қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы уақытта оқушылар арасында мектеп аумағына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарату фактілері тіркеліп жатыр.

Министрлік мұндай әрекеттердің салдары ауыр болатынын ескертеді. Егер біреу кездейсоқ немесе әдейі теракт туралы жалған хабар таратса, ол әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл үшін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе одан да қатаң жазалар қолданылуы ықтимал.

- Қауіпсіздік – ойын емес. Әрдайым ойланып әрекет етіңіздер! – деп атап өтті министрлік.

Сонымен қатар егер оқушы заң бойынша жауапкершілік жасына толмаған болса, оның іс-әрекетінің салдары мен жауапкершілігі ата-анасына жүктеледі.

Соңғы жаңалықтар