• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қараша, 2025

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

60 рет
көрсетілді

Алматы қаласының орталығында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіл автокөлік жүргізушісі бұрылыс жасайтын сәтте жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамай қалғанын айтқан. Жүргізуші дереу жедел жәрдем шақырып, полицейге алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 

«Желтоқсан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota жүргізушісі жолда қозғалысты қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан аға лейтенант жарақат алды», деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жүргізушіні ұстау қажет деп танылмады, бірақ оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар