• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 04 Қараша, 2025

Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады

180 рет
көрсетілді

Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның негізі қаланған 10 жыл ішінде 55-тен астам жоба жүзеге асырылғаны жөнінде баяндалды. 

Атап айтқанда, кәсіпорын 4,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салған, соның ішінде 3,6 миллион шаршы метрі – әлеуметтік нысандар. 

Нұрлан Артықбаев Qazaq Stroy азаматтарды қолдауға және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асырып жатқанын айтты. 

Компания жыл сайын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 100-ден астам пәтер береді.

Соңғы жаңалықтар