• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Наурыз, 2023

Пентагон: Қытай Ресейге заңсыз қару тасымалдап жатқан жоқ

Пентагон Қытай Ресейге заңсыз соғыс қаруын тасылмалдап жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейбір америкалық БАҚ Пекин Ресейге қару-жарақ жіберіп отыр деп мәлімдеген болатын.

Украина да Ресейдің соғыс барысында Қытайға тиесілі Mugin компаниясы жасаған соғыс жарақтарын пайдаланғанын айтқан.

Алайда Пентагон өкілі генерал Райдер Қытай Ресейге қару-жарақ тасылмалдамағанын айтты.

«Дәл қазіргі уақытта біз Қытайдың Ресейді қолдау мақсатында соғыс алаңына қару тасымалдағанын байқамадық. Біз бұны мұқият бақылап отырмыз. БАҚ-та бұл туралы түрлі ақпараттар тарап жатқанын білеміз. Алайда Ресей мен Қытай арасындағы сауда келісімі қалыпты мәміле. Бірақ ең бастысы  Қытай соғыс қару-жарағын Ресейге тасымалдап жатқан жоқ», деді генерал Райдер.

Соңғы жаңалықтар