Лекторий аясында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Есімованың, ҚХА Кеңесінің мүшелерінің, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
Кездесуде этномәдени бірлестіктер мен өңір жұртшылығының басшыларына Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтқан этносаралық қатынастар саласындағы жаңа қағидаттары мен концептуалдық тәсілдері, сондай-ақ диаспоралдық саясат саласындағы жұмыс жеткізілді.
Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, Федоров ауданының мұғалімдерімен және қандастарымен, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары базасында ҚХА Қоғамдық құрылымдарымен бірқатар кездесулер өтті.
Кездесулерде ҚХА және оның қоғамдық құрылымдарының өңір өміріндегі рөлі, қандастардың бейімделуі және шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту, туралы түрлі мәселелер қозғалды.
Өңірдің этномәдени бірлестіктері мен кәсіпорындары этностардың мәдениет, білім, спорт, өнеркәсіп және бизнестің түрлі салаларындағы жетістіктерінің көрмелерін ұйымдастырды.