• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Қаңтар, 2021

Елорда әуежайында ПТР тест тапсыруға болады

Енді елорда әуежайының жолаушылары мен қонақтары GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФА әдістері арқылы коронавирустық COVID-19 инфекциясына тестілеуден өте алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПТР-тестілеудің құны 9000 теңгеден басталады. Тестілеу жұтқыншақ пен мұрыннан алынады және нәтижелері электронды поштаға орыс немесе ағылшын тілдерінде жіберіледі. Нәтижені 12 сағаттың ішінде алуға болады.ИФА әдісімен антиденелерге экспресс-тестілеудің құны - 6500 теңге, зерттеу кезінде IgM және IgG сыныптарының антиденелерін анықтау үшін капиллярлы қан алынады, нәтижесі 15 минуттің ішінде дайын болады.Антигенге экспресс-тестілеудің құны - 8500 теңге, IgA антигенін анықтау үшін мұрын-жұтқыншақтан тестілеу алынады, нәтиже нәтижесі 15 минуттың ішінде әзір болады.Орталық Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ғимараты сол қанатының екінші қабатында, ішкі рейстер терминалында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар