Қазақстанда 26 желтоқсанда 776 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 151 727 жетті.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлауынша, Атырау облысында инфекция жұқтырғандар саны күрт артты.
Оның ішінде: Шығыс Қазақстан облысында - 18632 (+39), Нұр-Сұлтан қаласында -18092(+61), Алматы қаласында - 18080(+85), Атырау облысында - 13017(+132), Қарағанды облысында - 11911(+37), Батыс Қазақстан облысында - 9035(+34), Павлодар облысында - 8777(+79), Солтүстік Қазақстан облысында - 8337(+59), Қостанай облысында - 7264(+63), Ақмола облысында - 6972(+55), Алматы облысында - 6848(+62), Шымкент қаласында -5490(+7), Жамбыл облысында - 4930(+15), Ақтөбе облысында -3665(+7), Маңғыстау облысында - 3665(+19), Түркістан облысында - 3639(+16), Қызылорда облысында -3373(+6).