Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Олардың ішінде он адам коронавирустан, үшеуі пневмониядан қайтыс болды.
Ресми ақпарат бойынша, Қазақстан бойынша коронавирустан 2 239 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 489 адам қайтыс болды.
26 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес, 22 973 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде стационарларда 4 773 пациент, амбулаториялық емделуде – 18 200 пациент бар.
Коронавирус және пневмониямен ауыратындардың ішінде 251 науқас ауыр жағдайда, 48 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. Қырық адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.