Атап айтқанда, 12 көшеге екі компонентті суық пластиктен ұзындығы 86,09 шақырым болатын 5072,5 шаршы аумаққа жол таңбасы сызылды. Ал 40 көшеге акрилді краскамен ұзындығы 256,35 шақырымды құрайтын 22428,49 шаршы метрлік жол таңбасы сызылды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер өтпесін, шу жолақтарын, жол қозғалысын бағыттауышты (стрелки), тоқтау сызығын, вело жолақтарын, жол қозғалысын бөлу жолақтарын сызу секілді жұмыстар атқарылған.
Одан өзге, көлік ағыны жоғары көшелерде кептелістерді болдырмау және көлікті өткізу қабілетін жоғарылату үшін қиылыстарда "реверсивті" қозғалыстар ұйымдастырылып жатыр.