• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2017

Атырауда салмағы 160 келі балық ауға түсті

240 рет
көрсетілді

Салмағы 160 келі ақсерке. Алып балық Жайық өзеніне ау салған «Амангелді» өндірістік кооперативіне олжа әкелді.

Ұзындығы екі метрден асатын бағалы бекіре балығы Атыраудағы шабақ өсіру зауытына жеткізілді. Қазір оның жай-күйі мен денсаулығы мамандардың жіті бақылауында. Бекіре өсіру зауытының бас инженері Болат Мұхатжиевтің айтуынша, аналық қортпадан кем дегенде 30 келі уылдырық алуға болады. 

Балық ұрықтанған соң мамандар уылдырығын алып, өзін қайтадан табиғи ортасына жібереді. Жыл сайын Атыраудағы екі зауыттан жеті миллионға жуық бекіре шабағы Каспий теңізіне жіберіліп келеді. Ендігі кезекте екі зауыттың қуатын төрт есеге арттыру жоспарланып отыр.  

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабековтің айтуынша, 2018 жылы осы мақсатқа 30 млн теңге қаржы бөлінеді. Сол кезде су айдынына жылына 30 млн шабақ жіберуге мүмкіндік болады. 

Бақытгүл Бабаш,

«Егемен Қазақстан».

Атырау 

Соңғы жаңалықтар