Оқыс оқиға Атырау облысындағы Құлсары қаласында 5 ақпанда болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқушының мектепке балтамен келгенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдасқан. Содан кейін оларға балтамен шабуыл жасап, мектеп аумағынан қашып кеткен.
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
«Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жасөспірімді ұстады. Аталған оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалып, 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Күдікті оқушы ішкі істер органдарының есебіне алынып отыр. Ал оған қатысты жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.
Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды
«Жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Аталған қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, оқу орнын күзетуді жүзеге асырған күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған