• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2017

2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 82 пайызды құрады

180 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп жазады primeminister.kz.

Министр 2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 72,1%-ды құраса, 2015 жылы 76,3%-ға жеткенін айтып өтті. Қазіргі таңда «Қазтест» жүйесі негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау жыл сайын артуда. 2016 жылы тестілеуден өткендердің жалпы саны – 73 732 адамды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны шамамен 40 000 адамды (53,5%) құраған. 

«Мемлекеттік бағдарлама аясында 2014-2016 жылдар аралығында оқу-әдістемелік құралдар, әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары, танымдық, ғылыми-публицистикалық, балаларға арналған кітаптар және т.б. қоса алғанда, барлығы шамамен 88 баспа жобасы жарық көрді. Оның ішінде өзге тілдерде шығарылған жобалар саны – 24. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйретудің жаңа әдістемелері «Қазақ сөзі» оқу құралдары әзірленді», - деді А. Мұхамедиұлы. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 91%-ды құрады. Сонымен қатар, елімізде 87 аймақтық қазақ тілін оқыту орталықтары жұмыс істейді. 

«Дегенмен, статистикалық-есеп және қаржылық құжаттамалардың мемлекеттік тілге ауыспау фактілері бар», - деді министр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда тіл саясаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары аяқталды. 

Соңғы жаңалықтар