Әулиекөл ауданында Аманқарағай темір жол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Президент тапсырмасымен ел көлемінде іске асырылып жатқан бағдарлама аясында Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары мен Тобыл, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларындағы вокзалдар қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енбек, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінде Аманқарағай вокзалы өз жұмысын қайта бастады. Күрделі жөндеу жұмысы барысында вокзал ғимаратының іші кеңейтіліп, инженерлік желілері, күту залы, кассасы, дәретханасы жаңғыртылды. Сондай-ақ заманауи қауіпсіздік жүйесі орнатылған.
Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
«Реконструкция барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға және балалары бар жолаушыларға барлық қажетті жағдай жасалды. Жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен жайлылық деңгейі едәуір артты», деді әкім.
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды