• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 30 Наурыз, 2017

Екі заң жобасы мақұлданып, біреуі жұмысқа қабылданды

150 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетек­шілік етуімен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар конс­титуциялық реформаға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабыл­даумен қатар, халықаралық деңгейдегі кейбір заң жобаларын қызу тал­қы­лады. Соның бірі – «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конфе­рен­циясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасы болды.

Ең алдымен, «Қазақстан Респуб­­ли­­ка­сының кейбір Конститу­ция­лық заңдарына мемлекеттік билік­тің тармақ­тары арасында өкілет­тіктерді қайта бөлу мәселе­лері бойынша өзгеріс­тер мен толық­тырулар енгізу туралы» Консти­туция­лық заңның жобасы мен «Қа­зақ­стан Республикасының кей­­бір заң­на­малық актілеріне мем­ле­кет­тік биліктің тармақтары арасын­да өкілеттіктерді қайта бөлу мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған палатаның, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров аталған заң жобалары Елбасының 2017 жылғы 25 қаңтардағы Үндеуінде көрсетілген  тапсырмасын орындау мақ­сатында әзірленгенін, олардың сая­си жүйені демократияландыру, атқа­рушы билік органдарының жауап­кер­шілігі мен тиімділігін арттыру мақ­сатын көздейтіндігін атап өтті.

Әділет министрі Марат Беке­таев Қазақстан азаматтарының шет ел­дерде жеке, отбасылық және іскер­лік мүдделерін құқықтық қорғауды же­тілдіру бойынша Мемлекет басшы­сының тапсырмасын іске асыру мақ­сатында дайындалған заң жобасы – «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага кон­ферен­­циясы Жарғысын рати­фикация­лау туралы» баяндады. Бұл құжат Халықаралық жеке құқық жө­нін­дегі Гаага конференция­сының жұ­мы­­сына қатысуды ұсы­нады. Ал атал­ған ұйымға әлемнің 81 мем­лекеті мен Еуропалық одақ кіреді.

«Бұл ұйымның мақсаты – ха­лық­­аралық жеке құқық нормаларын біріз­дендіру және осы саладағы мем­лекет­тердің ынтымақ­тас­тығына жәрдем көрсету болып та­былады. Негізінен, Гаага конферен­циясының аясында 39 конвен­ция жасалған болса, олардың бар­лығы да азаматтық іс жүргізу шең­берінде құқықтық көмек көрсетуге ба­ғытталған», – деді баяндамашы.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Қазақстанның Гаа­га кон­фе­рен­циясындағы халықаралық заң шы­ға­ру­шылық жұмысына тікелей қатысып, шет елде біздің азаматтарымыздың құ­қық­­тары не­ғұрлым тиімді қор­ға­луын қам­та­масыз етеді. Сонымен қа­тар, бұл ұйымға мүшелік Гаага кон­­фе­рен­­ция­­сының саясатын белгі­лейтін Кеңес­тің жұмысына қаты­суына да мүм­кіндік береді. Жалпы істер және сая­сат бойынша Кеңес отырысы жыл сайын Тұрақты бюро арқылы ұйымдастырылады.

Осылайша, халықаралық шең­берде атқарылатын шаруаға қа­тысты жан-жақты түсінік берген баяндамашыға депутаттар тарапынан сауалдар да қойылды. Соның бірі – конференция құрамында Қазақстан атынан әрекет ететін мүд­делі мекеме туралы болатын. Оған Әділет министрі былай деп жауап берді: «Конференция мүше­лері мен Тұрақты бюро ара­сындағы өзара іс-қимылға жәр­демдесу мақсатында әрбір мүше мемлекеттің үкіметі – ұлттық органдары және әрбір мүше ұйым бай­ланыс жасайтын органды тағайын­дайды. Біз бұл міндетті атқаруға Әділет министрлігін ұсы­нып отырмыз. Әрине, оны әлі де нақтылай түсеміз», – деді М.Бекетаев.

Мәжіліс комитеттерінің оң баға­сына ие болған аталған Жарғы жалпы отырысқа қатысқан 105 депутаттың тара­пынан бірауыздан мақұлданды.

Екінші оқылымда күн тәртібіне шығарылған негізгі баяндаманың бірі – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынық­тыру және спорт мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына арналды. Бұл жө­нінде баяндаған Мәжілістің Әлеу­меттік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаева заң жоба­сы дене шынықтыру мен спортты қар­жы­ландырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында әзірлен­генін айтты.

Заң жобасының таныстырылымына дейін жұмыс тобының 7 отырысы өтіп, оған тиісті сала мамандары мен қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан. Депутаттар тарапынан 70-ке жуық ұсыныс түсіп, олар бойынша тиісті шешімдер қа­был­данған дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзету­лерге арналған заң жобасы осылайша  екінші оқылымда мақұлданды.

Сонымен қатар, депутаттар жер қатынастарын реттеуге бай­ланысты заң жобасын жұ­мыс­қа қабылдап, қыл­мыстық-атқа­ру заң­намасын жетілдіру мәсе­ле­леріне арналған заң жобасы бойынша Сенат енгізген өзгерістерге келісім берді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»