• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2017

Димаштың суреті АҚШ символы саналатын алаңдағы экранға шықты

530 рет
көрсетілді

Манхэттеннің орталық алаңындағы ірі лэд-дисплейде Димаш Құдайбергеннің фотосы пайда болғанын әншінің продюсері Алпамыс Шәрімов хабарлады.

Қазақ эстрада әншісі Димаш Құдайбергеннің атағы әлемдік деңгейде шыға бастағанын дәлелдейтін ақпарат жария болды. «Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі Нью-Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен басты лэд-дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осындай құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт-өкілдер, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!» деп жазды (орфографиясы сақталды) Димаштың продюсері Алпамыс Шәрімов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Таймс-сквер – Нью-Йорк қаласының тарихи орталығы Манхэттендегі Бродвей мен Жетінші авеню қиылысындағы алаң. Қаладағы Театрлар кварталының орталығы. Алаң 1904 жылы «Нью-Йорк Таймс» газеті Times Building ғимаратына көшіп келгеннен кейін осындай атауға ие болды. Таймс-сквер бүгінде әлемдегі адамдар ең көп тамашалайтын орындардың бірі. Ол жерге жылына 50 млн-дай адам келеді. Алаңнан күніне 300 мыңнан аса жүргінші, 115 мың жүргізуші мен жолаушы өтеді. Бұл жерде 170 мыңдай адам жұмыс істейді. 

Таймс-сквер Нью-Йорктың ғана емес, АҚШ –тың символы болып саналады.

Соңғы жаңалықтар