• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 29 Наурыз, 2017

«Балажан» қарлығаш

1020 рет
көрсетілді

Көктем айында Жымпиты ауылының тұрғыны Төле­ген Есмұхановтың тұр­ғын үй дәлізінің қабыр­ғасына аулада ойнап жүр­ген балалардың тас лақ­тырып сындырған терезе әйнегінің саңылауы арқылы ұшып кіріп-шы­ғатын қос қарлығаш ұя салды.

Күндер өте келе қос қар­лығаштың салған ұясынан сары­ауыз балапандардың шықы­­лықтаған үндері де естіле бастады. Енді қос қарлығаштың кезекпен кезек же­делдете балапандарына сынған терезе арқылы азық тасулары да үдейе түсті. Бірақ, сынған терезе әйнегінің үшкір қырларының ұштары балапандарына тынбастан азық тасып жүрген қос қарлығаштың бірінің өмірін қиып жібергендігі өкінішті болды.

Бауырын әйнектің сынығы тіліп жі­берген, қызыл қанға бояла шалқасынан өліп жатқан қар­лығашты көрген Төлеген де өзінің үлкен қателік жібер­генді­гіне, әйнекті дер кезінде ауыстырмаған салақ­­тығына өкініп, бармағын тістеген күйін­де тұрып қалды.

Төлеген енді жалғыз қал­ған қар­лы­ғаштың қандай күй­де боларын, күн­де­лік­ті тірлі­гін қа­даға­лай бас­тады. Сын­ған әйнек­тің үшкір көз­де­рін алып тастауды да ұмыт­пады.

Ақырында жалғыз қал­ған қар­лығаш­тың ұя­дағы он бала­па­н­ды бір өзі ты­­ны­м­сыз азық­тан­ды­рып, қанат­тан­дырып ұшы­­рып шы­ғар­­ған­дығын көрген Тө­ле­ген қар­лығаштың тіп­ті кейбір адам бала­сының өзі жасай алмай­тын қам­қорлығына таң-тамаша болды.

Тастанды ба­ла­лар санын кө­бей­­тіп жүрген без­­бүйрек ана­­лар­ға қа­ра­­ғанда, қарлығаш­тың бұл ісі кім-кімді болса да ойландыратын жағдай еді.

Мүсірбек АЙТАШЕВ

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы

Соңғы жаңалықтар