# Театр

Театр • Кеше

Заманауи технология театрға да жетті

Цифрландыру дәуірі өмірдің барлық саласына дендеп еніп келеді. Бұл үдеріс дәстүрлі өнер ордалары – театр сахнасын да айналып өткен жоқ. Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы осы өзгерістердің жүйелі әрі мақсатты түрде жүзеге асып жатқанын айқын аңғартады.

Театр • Кеше

Моноспектакльдегі мөлтек сыр

Бикен Римова атындағы акаде­миялық драма театры бұл жолы көрерменін поэзия әлеміне жетелеген ерекше кештің куәсі етті. Қазақтың мұзбалақ ақыны М.Мақатаевтың 95 жыл­дығына орай «Мұқағали» атты моноспектакль сахналанып, руханиятты сағынған жұртшылыққа әсерлі тарту жасалды.

Театр • 03 Ақпан, 2026

Жаңғырған «Абай»

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Абай» операсының жаңар­тылған нұсқа­сының премьерасы өтті. Сексен жылдан астам уақыт бойы бұл шығарма ұлт­тық опера өнерінің жау­һары әрі театрдың ай­рықша бет-бейнесіне айналып үлгерді.

Театр • 28 Қаңтар, 2026

Өзбек театрының өнері

Жастар театрының төрінде бауырлас Өзбекстан елінен келген Кәттақорған қалалық драма театрының гастрольдік қойылымы елорда көрермені үшін елеулі мәдени оқиғаға айналды. Өнерлі ұжым Шыңғыс Айтматовтың адам жанына терең бойлайтын әйгілі туындысы – «Ерте қайтқан тырналар» спектаклін ұсынды.

Театр • 27 Қаңтар, 2026

Абай театры – Сингапурда

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұңғыш рет Сингапур еліне гастрольдік сапармен барды. Театр ұжымы Сингапур ұлттық университетінің (NUS) мәдениет орталығында өнер көрсетті.

Театр • 16 Қаңтар, 2026

«Еңлік–Кебек» спектаклінің мерейтойлық қойылымы

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Алматы қаласында «Еңлік–Кебек» спектаклінің мерейтойлық көрсетілімі өтті. Айтулы шара – ұлт руханиятының қалыптасу жолына, кәсіби қазақ театрының тарихына тағзым еткен маңызды мәдени оқиға болды.

Театр • 15 Қаңтар, 2026

«Астана Опера» театры «Аққу көлі» балетін ұсынады

Елорданың өнерсүйер жұрты апта соңын асыға күтіп отыр. «Астана Опера» сахнасында театрдың ғажайып қойылымдарының бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ұсынылады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, деп жазады Egemen.kz.

Театр • 14 Қаңтар, 2026

Достықты дәріптеген мюзикл

«Astana Musical» мемлекеттік театрының репертуарындағы үздік қойылымдардың бірі – «Достар серті» мюзиклі көрермен тарапынан жоғары бағаланып келеді. Бүгінге дейін бұл музыкалық қойылымды 1200-ден аса көрермен тамашалады. Оның дәлелі кезекті көрсетілімде.

Театр • 13 Қаңтар, 2026

Сахна шымылдығы түрілген күн

Былтыр Қызылорда қаласының ел астанасы атанғанына 100 жыл толды. Шағын шаһардан ел астанасына айналып, сол мәртебені төрт жыл иеленіп тұрған қалада ел дамуының негізі қаланды. Жұрт байтағы Сырдан Алатау баурайына көшкенге дейін уақыт аралығында Қызылордада денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. Ең бастысы – 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік театр алғаш қойылым сахналап, театр мәдениетінің алғашқы парағы ашылды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02

Фото
Яндекс.Метрика