Мереке • Кеше
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Бүгінде елімізде жоғары кәсіби, мобильді, заманауи қару-жарақ пен техникамен жабдықталған әскер қалыптасты. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Конституция талаптарына сәйкес әскердің даму перспективаларын, елдің ұлттық қауіпсіздігінің жаңа тетіктерін белгіледі. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру және оның Қарулы Күштерін тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдап отыр.
Бизнес • Кеше
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Қазақстан экономикасында шағын және орта бизнестің (ШОБ) салмағы артып отыр. Mastercard пен KPMG жүргізген зерттеуге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ үлесі ЖІӨ-нің шамамен 40%-ына жеткен, ал секторда 4,7 млн адам жұмыспен қамтылған – бұл экономикалық белсенді халықтың 50%-дан астамы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • Кеше
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
6 мамыр күні таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жолдың опырылу фактісі тіркелді. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан жолдың ортасында тереңдігі 2-3 метр болатын үлкен шұңқыр пайда болғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
2026 жылдың мамырында жаһандық интернет кеңістігінде күтпеген мәдени үрдіс пайда болды. X (Twitter) платформасындағы @ciscaucasian қолданушысының бір жазбасы Қазақстанға деген ерекше қызығушылықты тудырып, елді Батыс аудиториясы үшін жаңа мәдени феномен ретінде танытты. «Жапонияға қызығушылық мейнстримге айналғандықтан, енді назар Қазақстанға ауысты» деген пікір қысқа уақыт ішінде кең таралып, миллиондаған қаралым жинады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • Кеше
Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Алматыда болған жаппай жанжалдан кейін полиция оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.