Спорт • 06 Ақпан, 2026
Олимпия ойындарына аттанған санаулы қандасымыздың арасындағы ең мықтысы – Абзал Әжғалиев. Жанкүйерлер дүбірлі додада жүлде алып жүрген шорт-тректің хас шебері Апеннин түбегінде атой салады деп үміттеніп отыр.
Олимпиада • 06 Ақпан, 2026
Италия қысқы ойындарды өткізу құқығын осымен төртінші рет жеңіп алды. Сонау 1944 жылы VI Олимпиада Кортина-д’Ампеццода өтуге тиіс еді. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан ол кейінге шегерілді. Араға 12 жыл салып аламанның алауы дәл сол шаһарда тұтанды. 2006 жылы ғаламдық дода Туринде дүркіреп өтті.
Ғалам ғажаптары • 06 Ақпан, 2026
Әділет Имамбеков – Гарвард университетінде оқыған әрі PhD қорғаған алғашқы қазақ. Оның ғылыми еңбектері әлі күнге дейін өзекті.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
2026 жылғы 16 қаңтарда түнгі сағат 01.00 шамасында Ақтау қаласынан Бейнеу бағытында жолға шыққан, ішінде 50 жолаушысы бар автобус аударылып, оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Кейінірек ауруханаға жеткізілгендердің қатарынан тағы бір адам көз жұмды.
Көрме • 06 Ақпан, 2026
Әкемтеатрдың айрықша жәдігерліктері
Алматыда алуан түрлі мәдени оқиғалар легі жүріп жатса да, ақпан айының соңына дейтін жалғасатын «Ғасыр жасаған ұлт театры» көрмесінің орны бөлек. Неге десеңіз, қазақтың тұңғыш кәсіби театры, өзге өнер сахналарына еншісін беріп, жеке шаңырақ ретінде бөліп шығарған М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры бұл күндері 100 жылдық мерейтойын ауқымды түрде атап өтіп жатыр.