Заң мен Тәртіп • 08 Мамыр, 2026
Абай облысына таратпақ болған: Семей тұрғынының гаражынан 154 келі марихуана табылды
Семейде гаражын есірткі қоймасына айналдырған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Құрылтай • 08 Мамыр, 2026
Қазақстанда Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады
Кұрылтай туралы конституциялық заң жобасында депутаттық бірлестіктерді құру мен олардың қызмет тәртібі жан-жақты нақтыланған. Құжатта фракциялар мен депутаттық топтар заң шығару үдерісіндегі негізгі саяси тетік ретінде қарастырылып, депутаттардың ұстанымын үйлестіруге және өкілдік қызметін күшейтуге мүмкіндік беретіні көрсетілген. Депутаттық бірлестіктерді тіркеу Құрылтай бюросы арқылы жүргізіледі, ал олардың жұмыс тәртібі регламентпен реттеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?
Қазақстанда Құрылтайға жоғары мемлекеттік лауазымдарға кандидатураларды келісу өкілеттігі беріледі. Бұл туралы Парламент қарауындағы «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасында айқындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Вице-президентті тағайындау тәртібі: Құрылтайдың рөлі мен жаңа лауазымның маңызы
Жаңартылған заңнама Мемлекет басшысының өкілеттіктерін егжей-тегжейлі регламенттейді және оған тұрақтылықтың негізгі кепілі әрі жалпыұлттық реформалардың бастамашысы рөлін бекітеді. Белгіленген нормаларға сәйкес, бүкілхалықтық референдумдар тағайындаудың айрықша құқығы Президентте сақталады. Бұл құрал азаматтардың елді басқаруға тікелей қатысуының жоғары нысаны болып қала береді және жалпыұлттық деңгейдегі стратегиялық қайта құруларды бекітудің өзгермес негізі ретінде қызмет етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Мамыр, 2026
Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.