Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел затының әдемілігі жайлы әуен таусылған емес. Ғаламзатты ғажайып сәнге бөлеп, адамзатты алапат күйге түсіретін нәзікжандылардың ерлігі де тарихта аз болмаған. Халқымыз да ежелден қызды құрметтеп, әйелді әлпештеген, ананы аялаған. Болмысына бұла күй жасырған, құпиясын қасиетіне айналдырған осынау жаратылыстың жан әлемі де, көңіл көкжиегі де өзгеше. Тарихта ерлермен бірге егеулі найза қолға алып, ел тыныштығын күзеткен де арулар болған. Ал бүгінгі бейбіт заманның батырлары деуге лайықты қыз-келіншектер де жетерлік. Арамызда күрделі кәсіпті игеріп, ерекше қабілетімен ерекшеленіп жүрген жандар да бар. Солардың бірі – Әсел Сауран.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Жыл сайын облыста суицидтік оқиға аз болмайды. Әсіресе, жасөспірімдердің, жастардың өзіне қол жұмсауы қоғамда абыржу туғыза бастаған еді. Балалардың осындай қасіретті қадамға баруына психологтер соңғы кездері интернет желілеріндегі түрлі сайттардың ықпалы бар екенін айтып жүр. Енді ауыл жастары осындай сырттан келетін теріс ықпалды күштерге қарсы күресуді ойластыра бастады.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Соғыс және еңбек ардагері Айтжан Бекназаров өрімдей 19 жасында майданға аттанып, атақты Сталинград шайқасына қатысқан. Аспаннан жаңбыр емес, оқ жауған, миллиондаған жазықсыз жандар қырылған майдан өтінен аман келген ақсақал: «Бұл Алланың арқасы, тілеуімді тілеп қалған туыс-туғандарымның батасы», дейді.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
...Жұмыс-жұмыс деп жүріп жақындарын ұмытып кететін, мансап қуып отбасын ойламайтын, сөйтіп армандарын жүзеге асыра алмағандар қашанда жеткілікті. Мұндай жағдайда сүйікті ісін тастамаған, бірақ шаңырақтың да береке-бірлігін алға қойып, отағасының алдынан да қия кесіп өтпеген Гүлшаштың тірлігі – бүгінгі қазақ қыз-келіншектеріне үлгі-өнеге болуға сұранып-ақ тұр.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
«Іскерлік ахуал» зерттеуінің қорытындысы
Орталық коммуникациялар қызметінде «Сандж» зерттеу тобы мамандарының қатысуымен Экономикалық зерттеулер институты (ERI) дайындаған 2016 жылғы «Іскерлік ахуал» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті.