Медицина • 28 Сәуір, 2017
Емханада елге түсіндіріліп жатыр
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілмек. Бұл – денсаулық сақтау бағытындағы мүдделі іс-шараларды әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Әр емхана жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады. Себебі, аталған қор ауруханаларға және емханаларға көрсеткен сапалы медициналық қызмет үшін қаражат төлейді, сонымен бірге, қызмет сапасын қатаң бақылайды.
Бизнес • 28 Сәуір, 2017
«Істі бүгін біз бастамасақ, ертең шетелдіктер келіп ашады»
Қазақтың қыздары қай уақытта да замандастарын таңғалдырумен келеді. Қаршадай қара қыз. Ол ұйымдастырған жас кәсіпкерлер клубын аз уақыттың ішінде шетелдіктер де біле бастады. Қостанайдағы бизнестің қыр-сырын танып, өз ісін ашқысы келетін жастар клубқа өздері келеді. «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының төрайымы Зарина КӨКЖАНОВАНЫ әңгімеге тартқанбыз.
Бизнес • 28 Сәуір, 2017
Агросектор: Тоқсан қорытындысы не дейді?
Жуырда болып өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов еліміздің аграрлық саласы үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанын негізгі көрсеткіштер бойынша елеулі табысқа қол жеткізгенін мәлім етті. Оның айтуы бойынша, 2017 жылдың бірінші тоқсанында саладағы ішкі жалпы өнімнің көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсіп, 353,7 миллиард теңгені құраған. Соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3 пайызға өсіп, 339,1 миллиард теңге болған. Ал егін шаруашылығында 14,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың осы мерзіміндегі деңгейін сақтап қалған.
Парламент • 28 Сәуір, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еңбек нарығын жаңғырту мақсатында еңбеккерлерді артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігін атап көрсетті.
Парламент • 28 Сәуір, 2017
Бас келісім – тиімділігі мол құжат
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.