Медицина • 28 Сәуір, 2017

Қатерлі ісіктен қалай сақтандырамыз?

694 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде онкологиялық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Респуб­ли­­касында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру Қазақстан­да онкологиялық қызметтің әлеуетін ішінара ны­ғайтуға, нарықтық тетік элементтерін енгізуге, замана­уи медициналық технология трансфертін іске асыруға, ж­е­келеген онкологиялық диспансерлердің материалдық-тех­ни­калық базасын нығайтуға, обырдың ерте диагностикасы бой­ынша заманауи әдістерді енгізуге, кадрлар даярлауға ық­пал етті.

Қатерлі ісіктен қалай сақтандырамыз?

Соңғы 5 жылда бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңгеге жу­ық қаражат жұмсалды. Бі­рақ, қабылданған бағдарлама нә­­тижесінде Қазақстанда он­ко­­логиялық қызметті жақ­сар­ту­дың жақсы жақтары орын алғ­а­ны­мен, көптеген мәселелер әлі шешімін таппай отыр. Бар­лық облыстық диспансер­лер шаруашылық жүргізу құ­қы­ғын­д­ағы мемлекеттік кәсіпорын мәр­­тебесін ала алмауда. Онко­ло­гиялық науқасты емдеу құ­ны­ның тарифтері әр­тү­р­лі, он­ко­ло­гиялық диспансерлерді жаб­ды­қтаудың бірыңғай стандарты анық­талмаған, цитостатиктерді орта­­­лық­тандырылған ері­ту ка­би­неттері бар­л­ық жерде аш­ы­л­­­маған. Қазіргі уақыт­та ем қа­былдап жатқан онко­ло­гия­лық нау­қастар санына орай онк­ологиялық қыз­мет­­ті қар­жы­лан­дыру (науқастар саны өс­­­кен сайын қаржыландыру өсе­ді) өзін өзі ақтамай, қызметті же­тіл­­діруге ықпал ете алмауда. Өй­т­кені, қаржыландыруды ұл­­ғай­­ту мақсатында әр мекеме бас­шы­сы есепке алынған онко­ло­гиялық нау­қас санын өсіруге ты­рыс­ады. Ал бұл ме­ди­ци­налық кө­мек сапасына да, ста­тис­ти­ка­ның дұрыстығына да, жалпы он­ко­­логиялық қызметті дамытуға ке­рі әсерін тигізеді.

Тағы бір айта кететін жайт, бағ­дарлама аясында скрининг жүр­гізуге қомақты қа­ражат бө­лінгенмен, қатерлі ісікті анық­тау кө­лемі айтарлықтай ұл­ғай­мағ­ан. Бүгінде скринингтің осы әдіс­те­рінің тиімділігі туралы бір­­қа­­тар мәселе орын алып отыр. Мә­­­­с­елен, 2016 жылы мемле­кетте өңеш, ас­қазан, жатыр мойны, ко­­л­о­ректалдық обыр, қуықасты бе­зі, ге­па­тоц­ел­лю­лярлық обыр­дың 6 локали­за­циясы бой­ынша скрини­нг жүр­гізілді. Тексерілген 1 988 662 адамнан скрининг бойын­ша тек 2015-нен онкологиялық науқ­ас анықталды. Бұл барлық тек­серілгендердің 0,1 пайызын құрап, онкологиялық ау­руларды анықтау көр­с­ет­кішінің төм­ен­дігін және скри­нинг кезін­де бюджеттік қаражаттың тиім­сіз жұм­салғанын көрсетіп отыр. Ск­рининг бастапқы медико-са­нитарлық кө­мек (БМСК) ма­ман­дарының көмегімен жүр­гі­­з­ілетіндіктен, ұйымдастыру мә­се­лелерін дұ­­рыс шешіп, сондай-ақ, ск­ри­нингке қа­тысушылардың кә­сіби деңгейін жо­ға­ры­л­ату қа­жет еді.

Десек те, онкологиялық кө­мек­ті же­тіл­діру бойынша жүр­гі­зілетін іс-шаралар тиім­ділігінің жет­кіліксіздігін мына деректерден де көруге болады.

Мәселен, елімізде өлім көр­сеткіші бой­ынша қатерлі ісік­тен қайтыс болғандар 2-ші орын­да тұр (12,1 пайыз). Жыл сай­ын елімізде 17 мыңға жуық адам қайтыс болса, оның 16,9 пай­ызын өкпе обыры құ­рай­ды. Жал­пы, қатерлі ісіктерден болатын ауру көрсеткіші де өсіп, 9,7 пайызға жет­кен.

Осы ретте, онкологиялық кө­­­мек­ті да­мы­тудың 2012-2016 жыл­­дарға арналған бағ­дар­ла­ма­сын іске асыру нәтижесі ха­лық пен медициналық қоғам арасында кеңі­нен талқыланбағанын атап өткен жөн. Халыққа көрсетілетін он­кологиялық кө­мек­ті дамыту үшін бұл бағдарламаны қа­б­ыл­дау тиімділігі мен қанша қаражат жұм­салғаны белгісіз. Десек те, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мем­лекеттік бағ­дар­ламасында онколо­гия елі­міз­де денсаулық сақтауды да­мы­туд­ың 5 басымдығының бірі ре­­тінде анық­талған. Онкология – бұл муль­ти­пән­дік сала, науқасты емдеу ке­з­інде әр­түр­лі сала мамандары қаты­са­­ды: хирур­гтер, химиотерапевтер, әр ба­ғыттағы терапевтер, сәулелік терапия дә­­рі­герлері, диагностикалық құ­рал­дарда жұ­мыс істей­тін ма­манд­ар, психологтар, әлеу­мет­тік қызметкерлер. Яғни, адамның өмір сү­ру ұзақтығы мамандардың дұрыс қойған диаг­ноз­дарына, кәсіби шеберліктеріне, ем­ді дұрыс бастап, емдеу кезеңін дұрыс таң­дауына байланысты.

Қазақстанда диспансерлік әдіс­­терге негіз­делген онко­ло­гия­лық қызметті ұй­ым­­дас­тыру ұс­танымдары өзін ақ­та­­ғанын атап өткеніміз жөн. Бұл қа­тер­лі ісікпен ауыратын нау­қас­­тар­ға мамандандырылған м­е­ди­циналық көмек көрсетілуін қам­­та­масыз етеді.

Алайда, бізді Міндетті әлеу­­меттік ме­ди­циналық сақ­тан­дыру (МӘМС) жүйе­сі аясын­да онкологиялық қыз­метті жүр­гізу барысы алаң­да­тады. Мы­салы, Ресейде онко­логиялық нау­қас­тар­ды кез келген көп салалы клиника емдей алады. Өңірлердегі ауру­ха­налар онкологиялық нау­қас­тар­ды қа­былдай береді. Се­бе­бі, оларға міндетті меди­ци­на­лық сақтандыру бойынша ақ­ша төленеді. Ал рецидив­терге опе­рация қажет керек болса, он­кологиялық орта­лық­тарда жа­­са­лады. Ал біздің тә­жі­ри­бе­міз­де жал­пы емдеу жүр­гі­зе­тін ме­ди­циналық ұйым­дар­да, жеке клиникаларда, шетелде операция жасалып, науқастың ас­қынумен келу жағ­дай­лары көптеп орын алған.

Елімізде МӘМС жүйесінің ен­гі­­зі­луі және көп салалы хиру­ргиялық ста­ционарлар, оның ішінде жекеменшік кли­ни­ка­лардың онконауқастарға опе­ра­ция жасауға рұқсат алуы обыр­дың ас­қы­нуының өсуіне әке­луі мүмкін. Сөйтіп, көп жыл­дар бойы жолға қойылған жүй­ені жо­ғалтып алуымыз мүм­кін. МӘМС жа­ғ­дайында он­ко­логиялық қызметті дамы­ту үшін қаржыландырудың ны­­­саны мен тү­рі маңызға ие. МӘМС шеңберінде он­коло­гия­­лық қызметті дамытуды қар­­­­жы­ландыру тетігі әлі жасала қойған жоқ. Он­кологиялық нау­­қастарға операция ж­асауға рұқ­­сат берілетін медициналық ұй­­ым­­­дарды аккредиттеу талап­тары қатаң бо­луы қажет. Бар­лық рецидив жағдайлары ден­сау­лық сақтау басқармасы дең­гей­інде қа­таң қаралып, лицензия­сын алуға дейінгі ша­ралар қо­л­да­нылуы тиіс.

Сондай-ақ, онкологиялық нау­қастарға үш деңгейлі ме­д­и­­ци­налық көмек көрсету идея­­сын қол­даймыз. Елі­мізде он­ко­логия­ны нақты өңір­лен­ді­ру (регионали­зация) саланы ай­тарлықтай же­тіл­діруге мүм­кін­дік береді, ма­ман­дардың к­ә­сі­би деңгейін жо­ғарылатады, за­манауи құрал­дар­ды тиімді пай­далануға, жаңа техноло­гия­ны жылдам енгізуге, әр дең­гейде ме­д­и­циналық көмек көрсету стандарттарын әзір­леуге ықпал етеді. Мысалы, ұйқы бе­зінің обыры сияқты қа­тер­лі ауру сирек кез­деседі. Ал оны диагностикалаудың өзін­дік қиындықтары бар, опера­циялар да сирек жасалады, яғни асқыну мен рецидивтер жиі болады, тиісінше өлім көр­сеткіші де жоғары. Нау­қас­ты уақтылы 3 деңгейде емдеу медициналық көмек сапасын жоғарылатуға, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда медициналық көмек көрсетуді 3 деңгейге бөлу cипаты көбіне орындалмайды, бұл ем­деу сапасына әсер етеді. Сондықтан онко­логиялық нау­қастарға медициналық кө­мек­ті үш деңгейлі көрсету заң­мен бек­іті­луі керек.

Қалай дегенде де, әлеу­метт­ік маңызы бар ауруларға жа­татындықтан онкология қызметін қазіргі қалпында сақтап, қыз­метті қаржыландыруды мемлекет есе­бінен жүзеге асыру қажет деп санай­мыз. Өйткені, бүгінде медициналық ұй­ымдардың бір­қатарын шетелдік ин­вес­тор­ларға бе­ру мәселесі көтеріліп отыр. Бұл онкология қызметіне де қа­ты­с­ты болуы мүмкін.

Сондай-ақ, бірінші кезекте пациент­тің, медициналық қыз­меткердің, мем­ле­кетт­ің мүддесін қорғап, барлық жұ­мыс та­лаптарын анықтауды ұсы­намын. Инвес­тор­­ларға мем­ле­кетт­ік тапсырысты алып, обыр­­дың күрделі формаларын диа­гнос­­тикалау мен емдеу жүр­гізіп, заманауи ме­ди­циналық құра­лдармен жабдықталған 4 облысаралық онкология орта­лы­ғын (оң­түстік, солтүстік, шы­ғыс, батыс) ашуды ұсынуға болады. Бұл орталықтарда жалпы емдеу саласы мамандарына обырды ерте диагностикалау бойынша үздіксіз оқулар жүр­гіз­у қажет. Инвесторларды елі­мі­з­де жоқ технологияларды енг­ізуге, мамандар­ды бұл тех­но­­логияларға оқытуға, ме­ди­­ци­нал­ық мақсаттағы бұй­ым­дар­ды сатып алу кезінде отандық өнімдерді алуға мін­детт­еу керек. 

Жастардың онкология жөн­інде сау­ат­тылығын жоғары­ла­­ту бағдарламасын әзір­леу қа­жет. Бұл аурудың асқынған са­тысында онкопатологияның тө­мендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, «Онкология» мем­ле­кет­тік ұлттық бағдарламасын әзір­леуді қа­жет деп санаймыз. Он­да онкологиялық қызмет мә­селелерін шешу тәсілдері мульти­пәндік болуы қажет, ден­саулық сақтау саласының қыз­меткерлері, мемлекеттік жә­не жергілікті басқару орган­дары, қоғамдық ұйымдар осы ма­ңызды мәселені шешуде бір­­лесіп күш жұмсауы керек. Яғ­ни, бағдарламаның негізгі ма­қ­са­ты – стратегияны анықтау жә­не онкологиялық аурулар мен нау­қа­стардың өлім көрсеткішінің өсу қарқынын төмендету үшін обы­рға қарсы күрестің негізгі ба­ғыттарын анықтау, емдеу са­пасын, медициналық және әлеу­меттік-еңбекпен сауықтыру ем­дерін жақсарту.

Денсаулық сақтау министрі­нің тапсырмасы бойынша әзір­ле­нген «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік жобасы аясында денсаулық сақтау мә­се­лелерін шешу жөніндегі қысқа мер­зімді іс-шаралар жоспары онкологиялық аурулардан қа­уіп­тену, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау, онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттырары сөзсіз.

Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ,

Алматы қалалық онкологиялық

орталығының бас дәрігері,

медицина ғылымдарының докторы


Соңғы жаңалықтар