Президент • 15 Наурыз, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматыда «Инватакси» тегін жұмыс істеп жатыр
Бүгін Алматыда 170 «Инватакси» көлігі, соның ішінде 36 арнайы жабдықталған машина мен 134 жеңіл автомобиль жұмылдырылады. Қосымша 20 кезекші машина жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
ТМД ПАА байқаушылары: Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр
Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісі төрағасының орынбасары, ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Зияфет Аббас Оглу Аскеровтің айтуынша, миссия Қазақстанда үшінші күн жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдумда дауыс берді. Ол таңдауын елордадағы «Астана Опера» театры аумағында орналасқан учаскеде жасады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді
Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумға Yessenov университетінің 1-курс студенті, болашақ заңгер Бекзат Қадірбай қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.