Аймақтар • 02 Ақпан, 2026
Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді
Маңғыстаудағы ірі жол-құрылыс жобалары жергілікті өніммен қамтамасыз етіліп келеді. «КаспийТасЖол» зауыты өндірген асфальтбетон Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жаңартуға жұмсалды. Осылайша әуеайлақ жабындары халықаралық талаптарға сай қайта төселді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Алаяқтардың құрығынан қорғау: 10 халықаралық call-орталық жойылды
Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында 2025 жылдан бері интернет-алаяқтыққа қарсы жүргізіліп жатқан ауқымды шаралар туралы мәлімет ұсынды. Оның айтуынша, ведомствоаралық кешенді жұмыстардың нәтижесінде азаматтар мен бизнестің қаржысын қорғауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Ақпан, 2026
Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды
XXV қысқы Олимпиада ойындары осы айдың 6-22 күндері аралығында Италияда өтеді. Туризм және спорт министрлігі отандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне Қазақстаннан шамамен 40 атлет қатысып, спорттың 10 түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды
2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сы басталғаннан бері 139 мыңға жуық адам тестілеуден өтті. Талапкерлердің 76%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 24%-ы орыс тілінде және 86 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Архив • 02 Ақпан, 2026
Шерхан Мұртазаның 6 мың қолжазбасы цифрланды
Қазақ көсемсөзінің жоталы жолбарысы – Шерхан Мұртазаның «Egemen Qazaqstan» газетінде редакторлық еткені мәлім. Қолының табы, көзінің нұры қалған редакция мұрағатында қаламгердің шығармашылық зертханасынан хабар беретін құнды қолжазбалар мен құжаттар, фотосуреттер сақталған еді. Сол қолжазбаларды алдағы заманға аман жеткеру үшін өткен жылдың қазан айында Шерағаның жәдігерлері ұлттық архивке табысталды. Бұл – аманат жүгін арқалаған тарихи шешім және маңызды қадам болды. Енді сол аманат толық жүйеленіп, зақымданған жазбалар қалпына қайта келтірілді. Соған орай және баспасөз күнінің аясында Ұлттық архив ұжымы «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын ұжымы «Қазақ газеттері» серіктестігімен селбесе ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.