Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Ақтау қаласында кезекті жаппай төбелес фактісі тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаланың 20-шағын ауданында бірнеше адам екі жасөспірімге шабуыл жасап, дене жарақатын салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Сәуір, 2026
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Астанада А.Байтұрсынұлы көшесі бойында, А 52 көшесі мен С.Шәймерденов көшесі аралығында орташа жол жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын, дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Соңғы бес жылда Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мал ұрлығына қарсы күресті күшейту бағытында жасаған жұмыстарының нәтижесінде сәуірдің екінші онкүндігінде Жамбыл облысының Сарысу ауданында жылқы ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.