Қоғам • 04 Сәуір, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге халықпен жақын болуды тапсырып, заманауи коммуникация құралдарын кеңінен қолдануға кеңес бергені сол еді, әр өңірдегі түрлі деңгейдегі әкімдер мен басқарма басшылары әлеуметтік желілерге жаппай тіркеле бастады. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға белгілі бір мөлшерде септігін тигізер деген үміт бар.
Президент • 03 Сәуір, 2019
Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев пен Ресей Президенті В.В.Путиннің бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Ресей Федерациясы Президенті В.В.Путиннің шақыруымен 2019 жылғы 3-4 сәуірде Ресей Федерациясына сапармен барды.
Әдебиет • 03 Сәуір, 2019
Жас қаламгерлерге жаңашылдық керек
Жастардың талабына табалдырық болатын жақсы жылда жас қаламгерлеріміз, жас аудармашыларымыз, жас сыншыларымыз мемлекет тарапынан үлкен қолдауларға ие болып, әлемдік аренаға бет түзей бастағанын жалғыз әдебиетшілер ғана емес, қоғамның кез келген мүшесі күтіп жүргендей. Себебі, әдебиет – ұлттың ұстыны, қоғамның барометрі. Жыл жастардыкі болғанымен, әдебиеттің айнасындағы мәселелердің барлығы ескі. Шешілмеген шетін сұрақтар, тарқатылмаған түйіндер осынау арнайы бетте талқыланып, таразыланады. Әдебиеттегі қасаң қағидалар мен бұзылмайтын бөгеттерді қазақтың жас қаламгерлері ертең-ақ жарып өтетіні сөзсіз. Үстіміздегі жыл сол бағытқа баспалдақ болса дейміз.
Қоғам • 03 Сәуір, 2019
Алғашқы медициналық көмекке – айрықша назар
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2019
Алмасайдың тазылары туралы екі жыл бұрын Тарбағатайдың жігіттерінен естіп едік. «Әне барам, міне бараммен» бұл ауылға биыл, жақында, Наурыздың жаймашуақ күндерінің бірінде жол түсті.