Кино • 08 Сәуір, 2019
Кино – әр уақытта қоғамның диагнозын тап басып тура айтатын тамыршы өнер десек, қателеспейміз. Кенжебай Ахметовтің жуырда тұсауы кесілген «Наза» картинасын қарап отырып, осындай ойға қаласың. Шын кинодан тұрмыстық жетіспеушілікті ойлаудың еш қажеті жоқ. Біз «Назаны» өнердің осы бір қырынан отырып тамашаладық. Оны ойлы көрермен фильмнің финалында өздері де аңғарады.
Руханият • 08 Сәуір, 2019
Руханият • 08 Сәуір, 2019
Ақындық қуаты құзарт Алатаудан арқырай құлайтын Жетісудың асау өзендеріндей арынды Ілияс Жансүгіров – ұлт тарихындағы ұмытылмас тұлға. Халық оған «Қазақ поэзиясының Құлагері» деп әділ бағасын баяғыда-ақ беріп қойған. Осы орайда оның ізбасар інісі Тұрсынзада Есімжановтың мына бір жыр жолдары еріксіз еске түседі: «Қазақтың маңдайына өлең бітсе, Өлеңнің маңдайына бітіп ең сен!». Орынды ода. Ақынның өзі айтқандай: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?».
Руханият • 08 Сәуір, 2019
Ұлттық құндылықтарға сүйіну, ұлтсыздыққа күйіну
Адам өсе келе өзінің тегі туралы терең ойланады, ізденеді. Ұлт та тірі организм. Оның да эмбриондық, бастапқы дәуірі, жұмыртқадан жарып шыққан балапандай кезеңі, тіпті кейбір ғалымдардың айтуынша ұлттың тарихи өлшеммен өмір жасы (әрине, көбіне ұсақ ұлттарға байланысты), даму жолдары мен жады, әл-ауқаты мен сырқаты, тағдыры, күш-қайратының асып-тасуы, құлшынысы мен әлсіреуі, қайта жаңарып, асқақтайтын заманы болады.
Әлем • 08 Сәуір, 2019
Үндістан енді ғарыш державасы ма?
Әлем бойынша ядролық державалар клубына кіру үшін мемлекет 6 ядролық сәтті жарылыс жасау қажет деген жазылмаған заңдылық бар. Солтүстік Кореяның алты жарылыс өткізген себебі де сол. Ал ғарыш державасы атану үшін де шарт бар екен. Ол ғарышта жүрген спутникті ракетамен атып түсіру. Жақында Үндістан осы міндетті орындап, өзін ғарыш державасы деп жариялады.