Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Ерлігі ел есінде сақталған сарбаздар
1995 жылдың 7 сәуір күні Қарулы Күштеріміздің сарбаздары тәжік-ауған шекарасында қаруланған лаңкестермен шайқасып, ерліктің, қайсарлықтың үлгісін танытты. Тепсе темір үзетін жігіттеріміз шекараны қару-жарақ, есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топқа тосқауыл қойды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Жасыратыны жоқ, кейбір мамандар қазіргі жастардың бірқатары әскерге баруға немқұрайлы қарайтындығын айтады. Мұның себебін олар армия қатарына алынған 100 мың жастың әр оныншысы әскери қызметке жарамсыз болып келуімен түсіндіреді. Ал негізінде бұл, әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, әр үшінші шақырылушының армияға барғысы жоқтығынан туындап отыр екен. Оған себеп ретінде бірқатары армия кезеңі уақытын босқа алатындығын меңзеген көрінеді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Диқандар қырдағы қызу еңбекке аттанады
Арқада қыр төсі дүбірлейтін уақыт алыс емес. Алтынкүрек жел жердің ақ көрпесін түгел түріп, топырақ қызды дегенше, қырдағы еңбек майданына аттаныс басталады. «Көктемнің әр күні – жылға азық» деген аталар нақылын қостанайлық диқандар да қаперінен шығармайды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Құтқару қызметінің қарымы қандай?
«Оттың ісі – қуырмақ, желдің ісі – суырмақ» дегендей, биыл елімізде қызыл жалыннан келер залал аз болмай тұр. Жекелеген үйлердің зардап шеккені өз алдына, өндіріс орындарындағы өрттің өзі сөндіруге күш бермейтінін байқадық.
Руханият • 11 Сәуір, 2019
Диуанабәйіт. Салттық өлеңнің ескі үлгісі
Тұңғыш Президенттің бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бір топ ғалымдары 2012-2013 жылдары Ресей, Моңғолия, Қытайдағы қазақтар арасында экспедициялық сапарда болған еді. Осы ғылыми сапарда ұмытылып жоғала бастаған қазақ фольклорының байырғы үлгілерін жазып алуға мейлінше мүмкіндік туған болатын. Сондай соны үлгінің бірі – «Диуанабәйіт».