Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Қаламқастағы аварияның себебі анықталды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы 13 наурыздағы Маңғыстау облысы «Қаламқас» кен орнындағы №8237 ұңғымасында орын алған аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады. Бұл жөнінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов министрліктің медиа орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
«Ақылды фермалар» өнімділікті арттыруға септеседі
Әр өңірде табиғат ерекшеліктеріне орай ауыл шаруашылығында ерекше басымдық беретін салалар бар. Арқа өңірінің Ақмола, Қостанай облыстары егіншілікке бейім болса, Қарағанды, Жезқазған жағы төрт түлік мал өсіруге қолайлы.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Балқаштың бойындағы баламалы энергия
Қазіргі таңда Қарағанды облысы баламалы энергетиканы дамыту бойынша елімізде көш бастап келеді. Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстанда өндірілетін жаңғырмалы энергия көздерінің жартысына жуығы Қарағанды өңірінің еншісіне тиесілі екен.
Спорт • 03 Мамыр, 2019
Мәулен Мамыров: Бозкілемде «әттеген-айлар» да аз болған жоқ...
Ел спорты тарихында Мәулен Мамыровтың алар орны ерекше. Айтулы азаматтың есімі Қазақстанның еркін күрес өнерін биік белестерге көтерген балуан ретінде спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылды. Сексенінші жылдардың екінші жартысында жасөспірімдер мен жастар буыны арасында аса ірі халықаралық додаларда дараланған қандасымыз кейіннен ересектер дуында да орасан зор табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, ол – КСРО кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, КСРО және ТМД біріншілігінің қола жүлдегері, Азия чемпионы, Шығыс Азия және Орталық Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азия кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жасыратыны жоқ, осы спорт түрін серік еткен бірде-бір жерлесіміз дәл осындай орасан зор табысымен мақтана алмайды. Бұл ретте Мамыровтың тұғыры өзге балуандардан әлдеқайда жоғары екенін барша жұрт мойындайды.
Қоғам • 03 Мамыр, 2019
Еңбек дауларына тосқауыл қашан қойылмақ?
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», деп Абай атамыз айтқандай, еңбек қана адамды ұшпаққа шығарып, тілегенін беретіні ақиқат. Бірақ бұл күнде адам қандай жұмысты ерінбей істесе де соған сай нәпақа алуы қиындап бара жатқандай көрінеді. Оның себебі көп. Ең бастысы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек құқының бұзылуы еңбек дауларына әкеп соғуда. Ал оны реттейтін заң болса да, ондай еңбек даулары өрши түсуде. Сонда адам құқын бұзудың осындай ашық түрі қашанға дейін жалғаса бермек?