Туризм • 19 Маусым, 2019
Маңғыстау туризмінде жөнге қояр тұстар бар
Экономиканы көтерудің және елді өзгелерге танытудың бір тетігі – туризмде жатыр. Қазақ даласының сұлу табиғаты мен қайталанбас өнер қолтаңбалары – тарихи-мәдени ескерткіштер дала перзенттерінің қалай мақтануына да татитын, қай елден келген турист-қонақтардың алдында мерейлене көрсетіп, мақтана таныстыруына жарайтын құбылыстар мен құндылықтар.
Аймақтар • 19 Маусым, 2019
«Көкмайса» – туристік әлеуетті көтереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсіміндегі сөйлеген сөзінде «Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала беретініне ерекше маңыз берді. «Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым-білімге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады», деген болатын жаңадан сайланған ел Президенті.
Қоғам • 19 Маусым, 2019
Басты мақсат – адамдардың әл-ауқатын жақсарту
Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту мемлекет үшін қашанда басты бағыт болып қала беретінін Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсетті.
Сайлау • 19 Маусым, 2019
Ертеңімізге сенім үшін дауыс бердік
Сайлауға дейін де, сайлаудан кейін де елдің есендігі мен ертеңін ойлайтын әрбір қазақстандық үшін бір ғана айнымас ұстаным бар: бүгінгі береке-бірлігімізді ұдайы еселей түсіп, тәуелсіздігіміздің іргетасын нығарлап, тұғырын биіктете беруіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік әділдік пен зиялы диалог әрдайым мемлекеттің өркениетті дамуының өлшеуіші болып қала бермек.
Қоғам • 19 Маусым, 2019
Еліміздің сот жүйесінде іргелі іс-шаралар, өміршең бастамалар жүзеге асырылуда. Оның бәрі өз бастауын Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан алды. Осы ірі бастама отандық сот жүйесіне тың өзгерістер әкеліп, құқық саласында соны серпіліс болды.