Коронавирус • 28 Маусым, 2021
– Біз адамдардың екпе алуға өздігінен келулерін күтпей-ақ, оларға жағдай жасауымыз керек, – деді өңірдегі эпидемиялық жағдай, вакциналау барысы туралы өткен отырыста облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов. – Қазір вирус мутацияға ұшырап, ауыр асқынуларды тудыратын «Delta» штамы анықталуда. Сондықтан біз тұрғындарға вакцина егудің ынталандыру жүйесіне жүгінуіміз керек.
Коронавирус • 28 Маусым, 2021
Вакцина алғандар пәтер мен көлік ұтысына қатыса алады
Коронавирус инфекциясымен күрес екінші жылға созылып барады. Жыл басынан бері осынау күрес вакциналаумен күшейді. Бұл – ұжымдық иммунитетті дамытудың және өмірдің бұрынғы жағдайына оралудың жалғыз, тиімді әдісі.
Коронавирус • 28 Маусым, 2021
«Дельта» штамының белгілері қандай?
Екінші жылға ұласқан індеттен ел енді есін жия бастағандай болған тұста Алматыда «үнді» штамы анықталып қана қоймай, осы аптада індет жұқтырғандар саны қайта көбейе бастады. Эпидемиялық ахуалдың бұлай өзгеріп шыға келуінің басқа да себептері бар. Ел сақтық шараларын ұмытты, той-томалақ қайта басталды. Жазғы демалысқа шыққан жұрт еренсіз қыдырып, шомылып жүр. Эпидемиологтер індеттің жаңа толқыны басталуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Қоғам • 28 Маусым, 2021
Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан кәсіби мереке – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қоғам • 28 Маусым, 2021
Бүгінгі журналистер мерекесі күнінде мен осы салада еңбек етіп жүрген журналистердің жас буынын төл мерекесімен шын жүректен құттықтағым келеді. Өйткені олардың алдында аса маңызды, жауапты міндеттер тұр. Ол – қоғамның қалғып кетуіне жол бермеу, өздерінің күн сайынғы мазасыз, тынымсыз еңбектерімен еліміздің алға қарай қадам басып, үздіксіз дамуына қызмет ету, қоғамдағы жақсылық атаулыны жарқырата көрсетіп, келеңсіздік атаулымен аянбай күресу, адамдардың жүрегіне үміт отын жағу, жастарымызды жақсы қасиеттерге баулу. Сондықтан біз журналистерді жарқын болашағымыздың жасампаздары деуімізге әбден болады.